Жарияланымдар
Қазақстанда тексерістерден кейін 143 стоматология жабылды

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстандағы стоматологиялық клиникаларды 75 миллион теңгеге айыппұл салып, жоспардан тыс тексерулердің нәтижесінде 143 мекемені жапты,- деп хабарлайды saraptime.kz
Ведомство ел бойынша 456 стоматологиялық клиникада жоспардан тыс тексеру жүргізген. Тексерулер азаматтардың зейнетақы қаражатын пайдалануына байланысты туындаған бірқатар жанжалдардан кейін басталған.
Ең көп заңбұзушылықтар Атырау облысында, Алматы мен Астана қалаларында анықталған. Бұл өңірлерде тіс емдеу бойынша сапасыз қызмет көрсеткен клиникалар жұмыс істеген.
Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 75 миллион теңгені құрады. Жабылған барлық мекемелер медициналық қызмет көрсету лицензиясынан айырылды.



