Конституция

Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістер: тарих пен қазіргі жағдай

Қазақстанның қазіргі Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум арқылы қабылданды. Сол уақыттан бері конституцияға алты рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілген,- деп хабарлайды saraptime.kz

Бұл өзгерістер еліміздің саяси құрылымын, билік тармақтарының өкілеттігін және азаматтардың құқықтарын реттеу мақсатында жасалған.

Негізгі өзгерістер:

• 1998 жыл – Президенттің мерзімі мен Парламенттің өкілеттіктеріне түзетулер енгізілді.

• 2007 жыл – Саяси реформалар жасалып, Парламенттің рөлі күшейтілді.

• 2011 жыл – Президенттің кезектен тыс сайлауын тағайындау тәртібі нақтыланды.

• 2017 жыл – Билік тармақтары арасындағы өкілеттіктер қайта бөлінді: Парламент пен Үкіметке бірқатар құқықтар берілді.

• 2019 жыл – Ел астанасының атауына байланысты түзету енгізілді.

• 2022 жыл – Жалпыхалықтық референдум нәтижесінде ауқымды өзгерістер қабылданып, суперпрезиденттік модельден бас тарту, Конституциялық сотты қайта құру сияқты маңызды жаңалықтар енгізілді.

Мамандар атап өткендей, Конституцияға енгізілген әрбір түзету Қазақстанның дамуы мен демократиялық институттардың қалыптасуына ықпал етті. Қазір Конституция еліміздің саяси тұрақтылығы мен құқықтық жүйесінің негізін құрайтын маңызды құжат болып отыр.

Back to top button