Аймақ

Сарыағашта бағаны көтеріп жіберген дәріханалар анықталды

Елімізде дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректеріне байланысты Сарыағаш ауданында да дәріханаларға мониторинг шаралары жүргізілді. Аудан әкімі Мухит Отаршиев бастаған арнайы мониторингтік жұмыс тобы бірқатар дәріханаларға барып, дәрілердің бағасын бақылап қайтты.

Арнайы топ аудандағы орталық базар маңында орналасқан 3 бірдей дәріхананы аралап, бірқатар кемшіліктерді анықтады. Тексеру кезінде дәріханалардың бірінде кассалық аппарат болмаған, кейбірінің бағаларды тым қымбаттатып жібергені анықталды. Тағы бірінде қазіргі таңдағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектер болмаған.

Оған дәріхана иелері дәрі-дәрмектердің уақтылы жеткізілмеуін себеп болып отырғанын айтты. Бұл ретте аудан басшысы кәсіпкерлерге бағаны шектен тыс көтеру немесе карантиндік талаптар сақталмаған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескертті.

Мұзхит Отаршиев сондай-ақ, мониторингтік шаралар барысында жергілікті халықпен де сөйлесті. Қандай дәрілер тапшылық туғызып отырғанын сұрап, бұл мәселені шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button