Аймақ

Сайрамда этносаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында жиын өткізілді

Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округінде саяси ахуал және этносаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында, «Nur Otan» партиясы Сайрам аудандық филиалы, «Арыс» бастауыш партия ұйымының төрағасы Музафар Эгамбердіұлының ұйымдастыруымен, Сайрам аудандық мәслихатының депутаты А.Тажиев, Арыс ауылдық округіндегі ауыл билері, зиялы қауым өкілдері,  «Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалының басшысы, Сайрам аудандық ішкі саясат бөлмінің басшысы, Бәйдібек ауданы, Боралдай ауылдық округінің әкімі, ауыл билері, зиялы қауым өкілдерінің, Түлкібас ауданы, Машат ауылдық округінің әкімі, ауыл билері, зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен карантин режимін сақтай отырып, арнайы бас қосу жиыны өткізілді, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.

Жиында  ұлтаралық татулық, достық қарым-қатынас, жастар тәрбиесі мәселелері кеңінен талқыланды.

Алдағы уақытта ақсақалдар қауымы мен зиялы қауым өкілдері осындай бағыттағы жиындарды жастар арасында өткізуді ұсынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button