Аймақ
Сайрам: Әділхан Төлегенов аудан тұрғындарын ынтымақтық пен бірлікке шақырды
Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалының жанынан құрылған Журналистер клубының мүшесі Әділхан Төлегенов көпэтносты аудан тұрғындарын ынтымақтық пен бірлікке шақырды, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
«Біздің мемлекетіміз құшағы кең, бауырына бірнеше ұлттар мен ұлыстарды сыйғызып отыр. Мемлекетіміз дамыған елдердің қатарында, әлемдік аренада өзіндік орны да бар. Бұл – еліміздегі ұлттардың бірлікте өмір сүруінің арқасы», – дейді ол.