Бірлік пен бейбітшілік – біздің ортақ мүддеміз
Бүгін Сайрам ауданына көршілес болған Төлеби ауданы Мадани, Сарқырама ауылы және Сайрам ауданының ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдері, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері Қарамұрт ауылында бас қосты, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі.
Бас қосуға Сайрам ауданының ішкі саясат бөлімі, Қарамұрт ауыл округінің қызметкерлері және облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-і Сайрам аудандық филиалы басшысы қатысып, ортақ сұхбат құрды.
Көршілес тұрғындар сұхбат барысында достық, бірлік және ауданаралық қоғамдық келісім мен татулықты сақтау, ынтымақтастықты нығайту мәселелерін кеңінен қарастырды.
Жиналғандар сұхбатты бір дастарқан басында жалғастырып, сайрамдықтар көршілес ауыл ақсақалдарына құрмет көрсетіп, иықтарына шапан жапты.
Екі тарап өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі болып, ынтамақтығы мен бірлігін арттыру мақсатында кездесулерді жиі ұйымдастырып отыруға келісті.