Аймақ

Түркістан облысында коронавирус екпесін әуелі медицина қызметкерлері қабылдайды

Түркістан облысында коронавирусқа қарсы екпе жұмыстары кезең-кезеңімен жүретін болады. Әуелі медицина қызметкерлеріне, кейін санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен полиция мамандарына егілсе, ал жеке азаматтарға тек қалауы бойынша екпе жасалатын болады. Бұл туралы Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінгі таңда облыс бойынша 2021 жылдың 1 қаңтар мен 25 қаңтар аралығында COVID-19 расталған 327-жағдай анықталған. Бұл – 100 мың халыққа шаққандағы интенсивтік көрсеткіш 16,2 құрайды. Оның ішінде: симптомдармен-59 жағдай, симптомдарсыз-268 жағдай тіркелген.

«Төсек-орын қоры Облыс бойынша 610 инфекциялық және 340 карантиндік төсек-орын ұйымдастырылған. Бүгінгі таңға, инфекциялық төсек-орындар санының жүктемесі–24,4% (149 адам), карантиндік төсек-орынның жүктемесі 10,0% (34 адам). Коронавирустық инфекцияның әр түрлі сценарийіне байланысты инфекциялық төсек-орындар санын 5 610-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар», – деді Марат Орынбасарұлы.

Сондай-ақ брифингке қатысқан Түркістан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов карантин талаптарын бақылайтын мобильді топтардың жұмысын баяндады.

«Мобильді топтармен жүргізілген мониторингтік жұмыстарының нәтижесі бойынша 5024 нысан араланды. Полиция бөлімінен келіп түскен баянат негізінде жалпы 581 хаттамалар толтырылып, 32 087 000теңге көлемінде айыппұлдар салынды. Оның ішінде жеке 565 жеке тұлға, 13 жеке кәсіпкер, 1 заңды тұлға, 2 лауазымды тұлға карантин талаптарын бұзған», – деді Нұрбек Садықбекұлы.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button