Аймақ

Мақтааралдық диқандар қызылша егуді бастады

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының диқандары үйіргелік жерге қызылша тұқымын егуді бастады. «Павло», «боро», «водан F1» сұрыптары шетелден әкелінген. Екі жарым айдан кейін өнім бере бастайтын көкөністің бұл түрінен гектарына 25-30 тонна өнім алуға мүмкіндік бар.

Қазіргі таңда диқандар 10 гектарға қызылша тұқымын еккен. Былтыр ерте көктемде өнім алған А.Қалыбеков ауылдық округінің диқандары Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды қалаларына қызылша өнімін сатып, Ресей мемлекетіне экспортады. Осылайша, мол табысқа кенелген шаруалар биыл да экспорт мәселесіне көңіл бөліп отыр.

Аталған ауылдық округте 4632 гектар егістік жер бар. Бақша өнімдерін өндірумен аты шыққан округ былтыр 200 мың тоннаға жуық қауын-қарбыз өнімдерін экспортқа шығарған. Ал, жаңа меже сапалы өнім көлемін айтарлықтай арттыру.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button