Аймақ

«Тұран» командасының қосалқы құрамасы жаттығуға кірісті

Жаңадан құралған Түркістан облысының «Тұран» футбол клубының қосалқы құрамы Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектеп-интернат-колледжінің  спорт  кешенінде кезекті  оқу- жаттығу жиындарына кірісті. Бас бапкер Мадияр Кембиловтың шәкірттері  функционалдық дайындықтарын  арттыруда. Жергілікті жастарды көптеп  іріктеуге шақырған футбол мамандары жас команданың болашағы жарқын  болатындықтарына сенімді.

Қосалқы құрамаға бапкерлер Түркістан  облысының ең талантты жастарын іріктеуден өткізуді жоспарлап отыр.

Мамандардың айтуынша, футболдан  Қазақстан чемпионатында Түркістан  облысының намысын қорғайтын «Тұран» командасының қосалқы құрамасына еліміздегі бірқатар футбол  клубтардың жастары шақырту алуда. Олардың қатарында «Ордабасы» жастар құрамасынан келген Аңсар Болат, Құрбан Байшық, Эльдар Ирисходжаев және Бағдат Есентай бар. Сонымен қатар, солтүстікқазақстандық «Рузаевка» командасының қақпашысы Алексей Повишев пен «Арыс» футбол мектебінің түлектері Әли Үсіпбай мен Жолбарыс Шәлтенов те жаттықтырушылардың іріктеуінен өтуде. Жаңадан құрылған «Тұран» футбол клубының жастар командасы жаңа маусымда бәйгеге түседі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button