Аймақ

Жетісайлық тәртіп сақшыларға жаңа заңдағы жаңашылдықтар түсіндірілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штаб төрағасының Жетісай ауданындағы кезекті кездесуі аудандық полиция басқармасының қызметкерлері арасында ұйымдастырылды.

Жиында сөз алған Ерұлан Икрамұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының шешімімен  ‘Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Заңына енгізілген өзгерістерге айрықша тоқталып өтіп, жаңа Заңның шеңберінде  Қылмыстық кодекске  «қылмыс жасауға арандату» деген 412-1-бап енгізіліп,  ол бойынша бұдан былай құқық қорғаушылар қылмысты әшкерелеу мақсатында адамды қылмыс жасауға көндіріп, арандатқаны үшін  қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, құқық қорғаушыларға көрілетін жаза түрі қатаңдатылғанын атап өтіп, жиынға қатысушыларды ел игілігі жолында адал қызмет етуге шақырды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button