Аймақ

«Protecting business and investments» жобасы аясында Түркістан қаласы кәсіпкерлеріне ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті кәсіпкерлер мен инвесторларды сыбайлас жемқорлықтан 100% қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Түркістан өңірінде «Protecting Business and Invesments» (Бизнес пен инвесторларды қорғау) жобасын сәтті жүзеге асыруда.

Осы орайда, бүгін азаматтардың талап-тілегі мен өтініш-арыздарын жедел қанағаттандырып, тұрғындарға тиімді жағдай жасау мақсатында ел игілігіне берілген «Парасаттылық» орталығында аталған жоба аясында кәсіпкерлерге санитарлық талаптардың сақталуы бойынша Түркістан облысы бойынша Санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алдарқұл Ахметов ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Шараға Түркістан өңіріне қарасты бірқатар бизнес өкілдері қатысып, ел аумағында енгізілген карантин режиміне орай толымды ақпараттық кеңестер алды және өздерін толғантқан сауалдарын жолдады.

Айта кетсек, бүгінгі күні Департамент «Protecting business and investments» жобасы аясында жалпы құны 621 млрд. теңгені құрайтын 49 кәсіпкермен бизнесті қорғау бағыты бойынша мемарандумға отырған. Бүгінгі күнге дейін Департаментке келіп түсіп 44 өтініштің барлығы 100% шешімін тауып, кәсіпкерлердің талап-тілегі толық қанағаттандырылған.

Санитарлық талаптар жан-жақты талқыланған жиын соңында кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін өзекті проблемалық мәселелердің шешілу жолдары қарастырылып, ол бойынша кәсіпкерлердің ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеуге өтінім беру және келісімге қосылу туралы туындаған сұрақтар бойынша +7 (776) 837-09-00 байланыс телефондары арқылы жобалық кеңсенің үйлестірушілеріне хабарласуға болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button