Аймақ

Шөкеев: «Түркістанда 3 кооперативтің біреуі экс-премьер Терещенкоға тиесілі»

Бүгін Үкімет отырысында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірдің көктемгі егістік жұмыстары туралы айтты, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі Oinet.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

– Түркістан облысында 857 200 егістік алқап бар. Көктемгі егіс жұмыстары толығымен аяқталды десе болады (92%). Тек су шайып кеткен Мақтаарал ауданындағы егісті қайтадан егіп жатырмыз. Жалпы, тыңайтқышты субсидиялау толықтай аяқталды. Тұқым жетеді. Енді негізгі мәселе – егісті әртараптандыру. Дәстүрлі біздің дақылдарымыз – мақта мен масақты азайтып, орнына көкөніс, мал азығы, майлы дақылдарды көбейту. Жағдайды түбегейлі өзгерту үшін жаңа технологияларды көбейтуіміз керек, – дейді Өмірзақ Шөкеев.

Өңір басшысының айтуынша, екінші біріктірілген кооператив «SPK-SAURAN» деп аталады.

– Жалпы, былтырғы күздік бидай 60 центнерді көрсетіп тұр. Осы бір-екі аптаның ішінде жүгеріні егуге дайындалып жатыр. Соның арқасында ол жерге сүт-тауарлық фирмасын құрып, италиялық технологиямен құны 3,5 млрд теңге болатын «1200 басқа арналған тауарлы-сүт фермасы» жобасы азықпен қамтамасыз ететін болады. Оның жанында «SPK-SAURAN» дейтін кооператив бірікті. Сөйтіп, 650 гектарға жаңбырлатып суару технологиясын ендіру іске асып жатыр. Алынатын жем-шөп қоры аустралиялық технологиямен «10 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңын» азықпен қамтамасыз ететін болады, – дейді Өмірзақ Шөкеев.

Оның айтуынша, үшінші кооперативтің иесі кезінде Қазақстанның премьер-министрі болған Сергей Терещенкоға тиесілі.

– Ал үшіншісі, «Ынтымақ агро» кооперативі. 782 гектар жерді алып отыр. Өздеріңіз білесіздер, Сергей Терещенконың күркетауық өсіретін компаниясы бар. Сол енді тауық етін өндіретін фабрика салып, күркетауықтарды азықпен қамтамасыз етуге кірісіп жатыр, – дейді Түркістан облысының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button