Аймақ

Түркістан: сайрамдық инвестор жылына 3500 тонна өнім өндіреді

Сайрам ауданында 2019 жылы іске қосылған «Ecoinvest S A» ЖШС жылыжай кешені 11 гектар жерден жылына 1500 тонна қияр, 2000 тонна қызанақ өндіруде. Жылыжайда қысқы маусымда – 150, жазда – 250-ге жуық адам жұмыспен қамтылады.

Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылында орналасқан аталған жылыжай – «Жыл үздігі – 2020» номинациясында «Үздік инвестор» деп танылған. «Ecoinvest S A» ЖШС-ң басшысы Мурат Гелашвили алдағы уақытта кешен аумағын ұлғайтпақ.

Айта кетейік, жылыжай өнімі ел аумағында нарыққа шығарылып, Ресейге экспортталады. Бүгінде отандық өнімге деген сұраныс жоғары.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button