Каспий жағасында 20 өлі аққудың денесі табылды: Себеп неде?

Атырау тұрғындарын өңірге жақында ғана ұшып келіп, Каспий жағалауын мекендеген аққулардың қырылуы алаңдатты. Мамандар 20 өлексені санаған,- деп хабарлайды saraptime.kz
КТК деректеріне сәйкес, құстар әртүрлі жерлерден табылған. Кейбірін иттер талап кеткен болуы мүмкін, ал қанаты сынған, ұша алмағандары да бар.
Нақтылауынша, өлі аққулар табылған жерге экологтар мен ветеринарлар барып, су мен топырақтан, сондай-ақ өлекселерден сынама алған. Теңіз суынан улану нұсқасы да тексерілуде. Жағдай Қаракөл көлінде және Қарақия–Қаракөл қорығы аумағында да бақылауға алынған.
«Табиғи өлім-жітім деген ұғым бар. Жануарлар мен құстардың кез келген популяциясында белгілі бір пайыздағы дарақтар қырылуы мүмкін. Әсіресе бұл қыс мезгіліндегі ауа райы жағдайларымен байланысты. Табылған аққулардың шамамен 90%-ы – жас құстар, былтырғы балапандар. Олар қысқа толық бейімделіп үлгермеген. Ал қысқа жақсы дайындалған ересек, ірі дарақтар өте сирек қырылады», – деді Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов.