Аймақ

Арыстағы жарылыс: сот процесі басталды

Арыстағы жарылыс: сот процесі басталды

Айыпталушылар арасында Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары мен № 44-859 әскери бөлімінің басшылық құрамы бар.

Арыстағы оқ-дәрі қоймасындағы жарылысқа қатысты сот процесі басталды. Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаевтың айтуынша, жоғары лауазымды 16 әскери қызметкердің үстінен іс қозғалды, – деп хабарлайды NewsRoom+ тілшісі  «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Айыпталушылар арасында Қорғаныс министрлігінің лауазымды тұлғалары мен № 44-859 әскери бөлімінің басшылық құрамы бар. Оларға оқ-дәрілерді сақтау кезіндегі Заң бұзушылықтар, қызметке және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына немқұрайлы қарау сияқты айып тағылды.

«Мамыр айында Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында болған жарылыс фактісі бойынша сот процесі басталды. Қозғалған істер бір іске топтастырылды. Сот шешім шығарғанға дейін біз ешқандай мәлімет бере алмаймыз. Бұл – соттың құзыреті», – деді ҚР Қорғаныс вице-министрі Бақыт Құрманбаев.

Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылы 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, 3 адам қайтыс болған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button