Түркістанда Халықаралық туризм университеті ашылды
Түркістанда Халықаралық туризм университеті ашылды
Университет базасында біліктілікті арттыру орталығымен бірге IELTS, TOEFL сияқты халықаралық емтихандарды тапсыру, шет тілдерін тереңдетіп оқыту үшін тіл орталығы жұмыс істейді. Туризм факультеттерінен басқа спорттық кафедралар да бар.
Түркістан қаласындағы жаңа Халықаралық туризм университеті биылдан бастап талапкерлерді қабылдайды. 2020-2021 жылғы оқу жылына 800 грант бөлінген. Туризм мамандығына бейіндік пәні: география және шет тілі, ал ҰБТ шекті балы: 50. Денешынықтыру және спорт мамандығына шығармашылық емтихан, ҰБТ шекті балы 70.
Университетке құжат қабылдау ағымдағы жылдың 20 маусымы мен 7 шілде аралығында жүргізіледі. Шығармашылық емтихан 8 және 13 шілде аралығында өткізіледі. Қосымша ақпаратты www.tourism-university.kz сайтынан және 8778495-15-33, 87771926691 нөмірлеріне хабарласып алуға болады. Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, 5.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі