Аймақ

Түркістан облысында тұрғындар тіркелмеген қаруларын тапсыра бастады

Түркістан облысында тұрғындар тіркелмеген қаруларын тапсыра бастады. Аталмыш акция еліміздегі күрделі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, онлайн-форматта өтуде, – деп хабарлайды NewsRoom+ Ақпарат агенттігі.

Акцияның алғашқы күнінің өзінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына тұрғындар 31 қаруын өткізген. Оның ішінде 29-ы тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, қалғандары ойық ұңғылы және шолақ мылтық бар. Мәселен, Сайрам ауданының тұрғыны өзінің атасынан қалған 2 бірдей 12 және 16 калибрлі аңшы қаруларын өз еркімен тапсырған.

Қазіргі уақытта бұл қарулар сараптамаға жіберіліп, бұл азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданған. «Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды.

Биылғы жылы іс-шара онлайн режимге ауыстырылса да, тұрғындардың белсенділігі байқалады. Оған қоса, қолындағы қару-жарақ заттарын тапсырғысы келген тұрғындар бізге келмей-ақ, «102« нөміріне хабарласуына болады. Ал, сыйақы төлеу қару-жарақ заттарын тапсырған азаматтарды ұсынылған шоттарға аудару жолымен жүзеге асырылатын болады.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады», – дейді ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков.

Басқа жаңалықтар

Back to top button