weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
2 қыркүйек, 2026 / Admin / Жаңалықтар 22
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Бақыт Бакетаев: Қазақстанның ШЫҰ-дағы рөлі артып келеді

Саясаттанушы Бақыт Бакетаев Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы рөліне баға беріп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесі ұйым жұмысына ықпал ететінін айтты. Сарапшы Орталық Азия елдерінің ортақ ұстанымы да күшейіп келе жатқанын атап өтті. Бұл туралы саясаттанушы Бақыт Бакетаев Berkinbayev_podcast-та мәлімдеді, деп хабарлайды Saraptime.kz

Бақыт Бакетаев: Қазақстанның ШЫҰ-дағы рөлі артып келеді Бақыт Бакетаев: Қазақстанның ШЫҰ-дағы рөлі артып келеді
Фото: Жасанды интеллект

Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) аясында Қытай, Ресей және басқа да ірі мемлекеттермен қарым-қатынаста өзіндік ұстанымын сақтап келеді. Саясаттанушы Бақыт Бакетаевтың пікірінше, Қазақстанның халықаралық аренадағы ықпалы тек экономикалық әлеуеті мен географиялық орналасуына байланысты емес.

Сарапшы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиялық тәжірибесін Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды фактор ретінде атап өтті. Оның сөзінше, Президент халықаралық үдерістерге көпжылдық дипломатиялық тәжірибесі мен саяси көзқарасы арқылы баға береді. Сондықтан Қазақстанның ұстанымы ШЫҰ аясында да ескеріледі.

Бакетаевтың айтуынша, Қазақстан басшылығы халықаралық мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуге басымдық береді. Бұл ұстаным Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс және басқа да халықаралық дауларға қатысты Қазақстанның позициясынан көрінеді.

Саясаттанушы Орталық Азия мемлекеттерінің ШЫҰ ішіндегі ықпалына да тоқталды. Оның пікірінше, соңғы жылдары «5+1» форматының маңызы артып келеді. Бұл модель Орталық Азияның бес мемлекетінің өзара ықпалдастығын және сыртқы серіктестермен байланысын дамытуға мүмкіндік береді.

«Соңғы бес жылда Орталық Азия республикалары әлемдік деңгейде өз саясатын жүргізудің үйлесімді жолын тапты», – деді Бақыт Бакетаев.

Сарапшы Орталық Азия елдерінің геосаяси орналасуы олардың халықаралық қатынастардағы маңызын арттыратынын атап өтті. Оның пікірінше, өңірдің бес мемлекеті Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстарда маңызды орынға ие.

ШЫҰ-ның жұмыс форматына қатысты пікір білдірген Бакетаев ұйымның келісім мен пікірталасқа негізделуін қалыпты құбылыс деп санайды. Оның айтуынша, халықаралық институттарда әртүрлі көзқарастардың болуы заңды. ШЫҰ құрамындағы мемлекеттердің мүдделері әртүрлі болғандықтан, ортақ шешімге келу үшін келіссөздер қажет.

Сонымен қатар сарапшы Орталық Азия елдерінің даулы мәселелерді әскери емес, келіссөз арқылы шешу тәжірибесін жоғары бағалады. Оның сөзінше, өңір мемлекеттері арасындағы өзара түсіністік халықаралық қатынастар үшін маңызды үлгі бола алады.

Бакетаевтың пікірінше, Қытай, Ресей, Үндістан секілді ірі мемлекеттер арасында белгілі бір мәселелер бойынша келіспеушіліктердің болуы заңды. Дегенмен ШЫҰ аясындағы елдердің өзара экономикалық және саяси байланыстары ұйымның біртұтас әрі ықпалды халықаралық құрылым ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.

.

Көп оқылды:

.
.