Қазақстанда іске асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы халықаралық ақпарат құралдарының назарын аударып отыр. EU Reporter басылымы жоба туралы мақала жариялап, оның жас қазақстандықтар үшін ұзақ мерзімді қаржылық мүмкіндік қалыптастыратынын атап өтті.
Бағдарламаға сәйкес, Қазақстанның әрбір кәмелетке толмаған азаматына жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық табысынан қаражат есептеледі. Бала 18 жасқа толғаннан кейін жинақталған қаржыны білім алуға немесе тұрғын үй жағдайын жақсартуға пайдалана алады.
Басылым мәліметінше, жоба қаржы ресурстарын болашақ ұрпақтың нақты қажеттіліктеріне бағыттаудың тетігі ретінде қарастырылады.
Бағдарлама қаражатты пайдалану кезеңіне де өтті. 2024 жылғы ақпаннан 2026 жылғы 1 тамызға дейін 338 мыңнан астам жас қазақстандық төлем алған. Оларға шамамен 67,8 млн доллар көлемінде қаражат берілген.
Бұл ретте кәмелетке толмаған балалардың есепшотындағы қаражат Ұлттық қор активтерінің құрамында сақталып, олар 18 жасқа толғанға дейін инвестициялана береді.
Жоба жас азаматтарға білім алу немесе баспана мәселесін шешу кезінде қаржылық қолдау көрсетуді көздейді. Ал жинақтардың инвестициялануы олардың болашақтағы мүмкіндігін арттыруға бағытталған.