Реклама
weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
.
Мәзір
18 қараша, 2026 / Admin / Сараптама 37
Поделиться: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

ҚазҰУ соңғы жылдары ғылыми әлеуетін айтарлықтай арттырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2022–2026 жылдары ғылыми зерттеулерді қаржыландыру, халықаралық жарияланымдар, жаңа зертханалар ашу және ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу бағытында бірқатар нәтижеге қол жеткізді. Осы кезеңде зерттеулерге бөлінетін қаржы көлемі үш еседен астам өсіп, университеттің халықаралық ғылыми байланыстары кеңейді.

ҚазҰУ соңғы жылдары ғылыми әлеуетін айтарлықтай арттырды ҚазҰУ соңғы жылдары ғылыми әлеуетін айтарлықтай арттырды

Бүгінде университет құрамында 9 ғылыми-зерттеу институты, 38 ғылыми орталық және 164 зертхана жұмыс істейді. 2022 жылы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі беріліп, 2022–2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді.

2022–2025 жылдары ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемі 5,24 млрд теңгеден 16,27 млрд теңгеге дейін жетті. Ал Scopus базасындағы жарияланымдар саны 1090-нан 2080-ге өсті. 2026 жылдың қазан айындағы көрсеткіш бойынша бұл сан 2249-ды құрады.

Ғылыми кадрларды даярлау бағытында да өсім байқалады. Университеттің диссертациялық кеңестеріндегі қорғаулар саны 2022 жылғы 101-ден 2025 жылы 272-ге дейін артты. Сонымен қатар жас ғалымдарды қолдау аясында 2024–2026 жылдары 23 зерттеуші баспанамен қамтылды. «Жас ғалым» конкурсында 17 зерттеуші 2026–2028 жылдарға арналған грант иеленді.

Жаңа зертханалар мен халықаралық жобалар

2026 жылы университетте 16 жаңа ғылыми нысан ашылды. Олардың қатарында жасанды интеллект, кванттық технологиялар, медицина, биотехнология, робототехника және инженерия бағытындағы зертханалар мен орталықтар бар.

Халықаралық ынтымақтастық та кеңейіп келеді. ҚазҰУ Erasmus+ бағдарламасы аясында 12 жобаға қатысып, олардың жалпы қаржыландыру көлемі 8,33 млн еуроны құрады. Сонымен қатар Horizon бағдарламасы бойынша 23 өтінім берілген. Оның үшеуі мақұлданып, келісімшартқа қол қойылған.

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру бағытында 2022–2026 жылдары 116 патент алынды. Оның 26-сы өнертабысқа, 90-ы пайдалы модельге берілген. Осы кезеңде жалпы құны 1,89 млрд теңгені құрайтын жеті коммерцияландыру жобасы іске қосылды. Олар машина жасау, агробиотехнология, медицина, тамақ өнеркәсібі және цифрлық технологияларды қамтиды.

Энергетика және цифрландыру бағытындағы бастамалар

ҚазҰУ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен бірлесіп, энергетика саласына маман даярлау және жасанды интеллектіні енгізу бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Осы ынтымақтастық аясында университет базасында таза энергия, дәстүрлі энергетика, сутегі технологиялары, PetroChem, Smart City және AI for Energy сияқты 10 орталық құрылды.

Сонымен қатар ғылыми қызметті басқару жүйесі цифрландырылып, зерттеу жобаларын үйлестіру, гранттарға өтінім беру, ғылыми мақалаларды есепке алу және диссертацияларды талқылау үдерістері электрондық форматқа көшірілуде.

Университетте ғылыми кадрларды қолдау үшін «профессор-зерттеуші» және «доцент-зерттеуші» лауазымдары енгізілді. 2026–2027 оқу жылында бұл санаттағы мамандар саны 173-ке жетіп, олардың қатарында 17 шетелдік ғалым бар.

Аталған нәтижелер ҚазҰУ-дың ғылыми инфрақұрылымды жаңғыртуға, халықаралық серіктестікті дамытуға және зерттеу нәтижелерін практикалық қолданысқа енгізуге бағытталған жұмысын көрсетеді.

.

Көп оқылды:

.
.