Жаңалықтар
Алматыда жер сілкінісі болды

Алматыда жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды saraptime.kz
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, жер сілкінісі 17 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15:08-де болған. Жер асты дүмпулерінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 74 шақырым жерде және Түрген ауылынан шығысқа қарай 17 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,8 баллды құрады.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, жер сілкінісінің қарқындылығы мен эпицентрі туралы ақпарат сейсмологиялық ғылыми орталық тарапынан өңделіп, нақтыланып жатыр.



