Доллар құны 489 теңгеге жетті

Қазақстан қор биржасында (KASE) 16 ақпанда сағат 17:00-дегі доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы 491,90 теңгені құрады,- saraptime.kz
13 ақпандағы сағат 17:00-дегі көрсеткішпен (бір долларға 495,73 теңге) салыстырғанда, ұлттық валюта долларға шаққандағы 3,83 теңгеге нығайды.
KASE мәліметтері бойынша, ең төменгі айырбас бағамы бір долларға 490,45 теңге, ең жоғары бағамы 495 теңге, ал жабылу бағамы 491,20 теңге болды. АҚШ долларымен сауда көлемі 217 718 000 АҚШ долларын құрады. Валюталық операциялар саны 672 болды. Сағат 15:30-дағы доллардың орташа өлшенген айырбас бағамы 491,97 теңгені құрады.
kurs.kz мәліметтері бойынша, елордадағы айырбас пункттерінде сағат 17:12-дегі АҚШ долларының ең жоғары айырбас бағамы 497 теңгені, ал Алматыда 496,5 теңгені құрады.
Ұлттық банктің 16 ақпандағы ресми айырбас бағамы бір долларға 496 теңгені құрайды. 17 ақпанда ресми айырбас бағамын анықтаудың қолданыстағы тәртібіне сәйкес, ол бір долларға 491,97 теңгені құрайды.



