Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Air Astana басшысы Питер Фостермен кездесті

Мемлекет басшысы Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостерді қабылдады,- деп хабарлайды saraptime.kz

Кездесуде авиация саласын дамыту мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Air Astana компаниясының Еуразиядағы жетекші авиатасымалдаушылардың біріне айналуға Питер Фостердің елеулі үлес қосқанын атап өтті.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу, сондай-ақ аталған рейстерді орындау үшін алыс қашықтыққа ұшатын әуе кемелерін сатып алу мәселелеріне ден қойылды.

Президент отандық авиацияның бәсекеге қабілеттілігін одан ары арттыру қажет екенін айтты,- деп жазды Ақорда.

Басқа жаңалықтар

Back to top button