Мақтаарал ауданында бірқатар жолдар жөндеу жұмысынан өтіп жатыр
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес бірқатар ауданда жол сапасын арттыруға басымдық беріліп отыр. Мақтаарал ауданында 196,9 шақырым жол мен елдімекен көшелеріне асфальт төселіп жатыр, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.
Аталған ауданда республикалық маңызы бар 61 шақырым 3 жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде 22 шақырымы аудан аумағында болған төтенше жағдайды қалпына келтіру мақсатында іске асырылуда. Ал, облыстық маңызы бар 61,2 шақырымдық 7 жол орташа және ағымдағы жөндеу бойынша ретке келтірілді.
Аудандық маңызы бар 74,7 шақырымдық 56 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр. Сонымен қатар, аудандағы 94 топырақ көшеге тас төселді. Жыл соңына дейін мұндағы көшелер толық пайдалануға берілмек. Аталған жұмыс нәтижесінде Мақтаарал ауданындағы республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 90 пайызға жеткізу жоспаранып отыр.