Түркістан

Түркістан қаласында қылмыс саны күрт азайды

ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, киелі шаһарда әкімшілік құқық бұзу саны азайып, қылмыстардың, оның ішінде қоғамдық орын мен көшедегі қылмыстың ашылу көрсеткіші жақсарған. Сондай-ақ, қалалық полиция басқармасы басшылығының бастамасы бойынша тұрақты негізде жеке құрам арасында тәртіпті арттыру және полицияның кейбір арсыз қызметкерлерінен полиция қатарларын тазарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Newsroom+Ақпарат агенттігі ҚазАқпарат порталына сілтеме жасап.

Айта кетейік, әлеуметтік желілерде Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бұрынғы басшысы, полиция полковнигі Бауыржан Селтанов 2018 жылы Абай ауылында зорланған 7 жасар бала оқиғасына қатысы болуы мүмкін деген жалған ақпарат тараған болатын. Алайда өңірдің полиция департаменті бұл ақпарларды жоққа шығарды.

«Департамент тарапынан Бауыржан Селтановтың полициядан қуылғаны жайлы ақпаратты жоққа шығарамыз. Абай ауылындағы жағдайдан кейін ол Ордабасы АПБ бастығы лауазымына ауыстырылған. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының мүдделі өкілдері полиция полковнигі Б.Селтановқа қатысты ҚР ҚК 362-бабының 1-бөлігі «қызмет бабын теріс пайдалану» бойынша 2018 жылы жан-жақты тексеру жүргізген. Полиция полковнигі Б.Селтановқа қатысты айтылған уәж өз дәлелін таппаған еді. 2020 жылғы наурызда ҚР Ішкі істер министрлігі басшылығының келісімімен Түркістан облысы ПД бастығы, полиция генерал-майоры Қ.Дәлбековтың бұйрығымен Түркістан қаласы полиция басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Селтанов тағайындалды» делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button