Түркістан

КӨҢІЛІ ЖАБЫРҚАУ АРДАГЕР БАПКЕРМЕН КЕЗДЕСУ.

Жалпы, еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап Келес ауданының спортшылары қай спорт түрінен болмасын байрақты бәсекелерде топ жарып, ауданымыздың абыройын облыс, республикамен қатар, халықаралық аренада ​ асқақтатып жүр. Жеңісті сәттердің соңында бапкерлердің аянбай тер төккен еңбегінің жемісі тұрғаны анық.

Бүгін ауданымыздағы спортшыларымызды бабында ұстап, өзінен кейінгі жас бапкер шәкірттер дайындаған, ​ аудан мен облысымызда футбол спортының дамуына үлкен үлес қосып жүрген ардагер бапакер Раушанбек Зупаровтың шаңырағына облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Нұралы Давлетияровпен бірге жаңа жылмен құттықтай бардым.

Әңгіме барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, менің Сарыағаш аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінде 7 жылдан астам уақыт басшылық жасаған кезеңдегі ауданда спортты дамытудағы атқарылған жұмыстарды бірге еске алып, алдағы уақытта аудандағы бұқаралық спортты, соның ішінде футбол спортын дамыту мәселесін талқыға салдық.

​ Раушанбек Зупаров: «Менің түсінігімде жаттықтырушы – ең алдымен еңбекқор болуы керек. Әрбiр шәкiртiңдi өз балаңдай жақсы көріп, психологиясын тани білгенің жөн. Сенiң қабағыңнан олар бәрiн аңғарғаны дұрыс. Бапкердiң бағыты анық болса, шәкiрттiң де сенiмi орнығады. Сондықтан да менің үмітімді ақтап, аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда топ жарып жүрген шәкірттеріме дән ризамын.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы 2025 жылға дейін ауданда халықтың спорт инфрақұрылымымен қамтамасыз етілу деңгейін 17%-ға жеткізуді көздеуі мен спорт саласына қолдау көрсетуі әрбір жарыста ауданымыздың абыройын асқақтатып, еліміздің туын әлемде желбірететін чемпиондардың шығуына септігі мол екеніне кәміл сенемін. Партияның спорт саласын үздіксіз қолдауы мен бапкерлердің нәтижелі еңбегінің нәтижиесінде біз ол күнге де жетеміз. Спорт саласын дамытуға қолдау көрсетіп жүрген «Nur Otan» партиясына алдағы сайлауда аудандағы бапкерлер мен спортшылар жақтап дауыс беретініне сенімдімін» – деп сөзін аяқтады.

Біз де өз кезегімізде көңілі жабырқау бапкерге «Алла деніне шипа берсін» деген ниет білдіріп, тез сауығып кетуін тіледік.

Басқа жаңалықтар

Back to top button