Түркістан

Түркістандық құрылысшыларға еңбек заңнамасының талаптары түсіндірілді

Түркістан қаласының аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компанияларда Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, мамандар «Керуен Сарай» кешенін, «Тұңғыш Президент саябағын», 5000 орындық мешітті, жаңа әкімшілік-іскерлік орталығындағы көп қабатты тұрғын үйлерді және тағы басқа әлеуметтік нысандарды салып жатқан мердігер компаниялардың басшылары мен жұмысшыларымен кездесті. Онда еңбек шартын жасасу, өзгерту және толықтыру тәртібі, ауысымдық жұмыс, түнгі уақыттағы және үстеме жұмыс, жалақы төлеудің мерзімдері, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін қосымша ақы төлеу туралы мәселелер айтылды.

Сондай-ақ, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттері (нұсқаулықтан өткізу, арнайы құжаттармен қамтамасыз ету, еңбекті қорғау бойынша оқыту және білімін тексеруден өткізу, арнайы киімдер беру, жұмыскерлерді жазатайым оқиғадан сақтандыру, профилактикалық шаралар жүргізу, т.б.) нақты мысалдар келтіріле отырып түсіндірілді.

Кездесу соңында жұмысшылар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді. Құрылыс мекемелерінің жұмысшыларымен еңбек заңнамасының талаптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, басқарма тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Түркістан қаласындағы құрылыс алаңдарында 4 000-нан астам жұмысшы еңбектенуде.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button