Түркістан

Төлеби ауданында 500 адамды жұмыспен қамтитын инвестициялық жобалар іске қосылады

Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласында 2021 жылы 34 млрд теңгенің өнімін өндіру жоспарланып отыр. Межеге жету үшін биыл  құны 2 млрд 550 млн теңгені құрайтын 2 ірі инвестициялық жоба іске асырылады.

    Қазіргі таңда «Ленгер машина жасау зауыты» ЖШС-де жаңарту (реконструкциялау) жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зауыт іске қосылғанда тәулігіне 200 мың тонна темір бұйымдары шығарылмақ. Нысан құрылысы аяқталғанда 250 адам жұмыспен қамтылатын болады.

    Сондай-ақ, Ленгір қаласында «KAZPLAST» ЖШС киім тігу цехы іске қосылады. Құрылыс жұмыстары жыл ішінде бастау алады. Цехта 250 адам жұмыспен қамтылмақ.

    Жалпы, ауданда әртүрлі салада жаңадан жеке қаржылар есебінен 7 млрд 45 млн теңгеге 20 жоба іске қосылады.

 

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Басқа жаңалықтар

Back to top button