Түркістан

Павлодар облысынан өкілдер келді

Түркістан облысы басы артық жұмыс күші бар, республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтарының бірі болып табылады.
Бүгінгі таңда аудан бойынша тұрғын үй алу кезегінде 4500 адам тұр. Экономикалық белсенді халықтың ішінде жұмыспен қамтылғаны 78 735 мың адам, оның құрамында өздігінше жұмыспен қамтылғандары 27 795 мың адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылғандардың 35.3 пайызын құрайды. Жұмыспен қамтылғандардың ішіндегі өздігінше жұмыспен қамтылғандары біздің ауданымызда облыс бойынша ең жоғары көрсеткішті көрсетіп отыр.
Сондықтан, бүгінгі таңда басталған жұмыс күші мол өңірлерден еңбек ресурстарын солтүстік, шығыс өңірлеріне көшіру мәселелері маңызды шара болып табылады.
Елімізде өз еркімен қоныстандыру жұмыстары 2016 жылдан бері «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізіліп келеді.
Қоныс аударушылар үшін!!!Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 204 190 теңге мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Атап айтқанда:
1 адам – 204.190 теңге;
2 адам – 408.380 теңге;
3 адам – 612.570 теңге;
4 адам – 816.760 теңге;
5 адам – 1.020.950 теңге;
6 адам – 1.225.140 теңге;
7 адам – 1.429.330 теңге;
8 адам – 1.633.520 теңге;
9 адам – 1.837.710 теңге;
10 адам – 2.041.900 теңге.
Бұдан бөлек қоныс аударушыларға мынадай мүмкіндіктер беріледі:
Қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін тиісті бағдарлама шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беру;
Қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберу;
Жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушының (қоныс аударғандар) отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына 12 ай бойы АЙ САЙЫН тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге мынадай мөлшерде материалдық көмек беріледі:
1) Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адам 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде төленеді.
2) Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адам үшін – 15 АЕК (43.755 теңге);
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК (52.506 теңге);
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК (61.257 теңге) мөлшерінде төленеді.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде 2021 жылдың қыркүйек айының 13-14-ші күндері Павлодар облысы Баянауыл және Успенка аудандарынан өкілдер келіп, аудан тұрғындарына ерікті түрде қоныс аудару бойынша агитациялық түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
“Nur Otan” партиясының Сарыағаш аудандық филиалы және ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Дербісек ауыл округінің мәдениет үйінде 13 қыркүйек Дербісек, Ақжар, Жемісті ауылдық округінің тұрғындарымен жалпы 95 азамат және ауыл әкімдері, жеке кәсіпкерлер, ауыл ақсақалдары, сол ауылдық округтерге бекітілген аудандық мәслихат депутаттары жиналысқа қатысты. Нәтижесінде 4 азамат солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді.
Қызылжар ауылдық округінің мәдениет үйінде Қызылжар, Қабланбек, Жібек жолы ауылдық округтерінің тұрғындары жалпы 123 азамат және ауыл әкімдері, жеке кәсіпкерлер, ауыл ақсақалдары, сол ауылдық округтерге бекітілген аудандық мәслихат депутаттары жиналысқа қатысып, оның ішінде 6 азамат солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірді. Жиын барысында қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.Ел ағалары сөз алып бұл жұмыстың қоғам үшін маңызы үлкен екендігін түсіндірді.
Жиналыстан соң жеке қабылдау ұйымдастырылып қабылдауға келген ауыл округтерінің жұмыссыз, аса мұқтаж азаматтарға Солтүстік өңірінде бос жұмыс орындары көп, міндетті түрде тұрақты жұмыспен қамтылып, әлеуметтік көмектер және өз ісімен айналысамын деушілерге, жеке кәсіпкерлерге жер, шағын несие т,б барлық қолдаулар көмектер көрсетілетіні түсіндірілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button