Түркістан

«Еңбек» бағдарламасы аясында жиын өтті

«Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы мен аудандық жұмыспен қамту орталығының бірлескен арнайы кестесіне сәйкес «Еңбек» бағдарламасы аясында еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға байланысты халқы тығыз орналасқан ауданнан Солтүстік өңірлерге халықты ерікті түрде көшіру мақсатында Жетісай ауданына қарасты Қазыбек би, Қарақай, Қызылқұм ауылдық округтерінде және Асықата кентінің мәдениет үйінде Оңтүстіктен Солтүстікке көшуге ниетті тұрғындармен кездесу өтті. Жиында Павлодар облысының Аққулы ауданынан келген өкілдер өздері дайындап келген бейнеролликтерін көрсетті. Мінберге шығып сөз сөйлеген Павлодарлықтар нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде көшуге субсидия төлеу,бағдарламаның қатысушысының (қоныс аударғандар) отбасына ай сайын тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеу, жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу сияқты маңызды мәселелерге кеңінен тоқталды. Жиынға қатысушы тұрғындардан түскен сұрақтар мен ұсыныстарға жауаптар берді.Сонымен қатар жиын соңында қоғамдық қабылдау өткізілді. Бүгінгі өткізілген екі жиынға 100-ден аса азамат қатысты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button