Түркістан

Ұлы көшке 28 отбасы ниеттеніп отыр

Келес ауданы Түркістан облысындағы артық жұмыс күші бар, 143 мыңға жуық халқы тығыз орналасқан аудан. Биылғы жылы ауданда жұмыссыздар ретінде 522 адам тіркелген болса, ​ 1328 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жұмыспен қамтылғандардың ішіндегі біздің ауданымызда өздігінше жұмыспен қамтылғандары саны жоғары. Сондықтан, бүгінгі таңда басталған жұмыс күші мол өңірлерден еңбек ресурстарын солтүстік, шығыс өңірлеріне көшіру мәселелері біздің аудан үшін де маңызды шара болып табылады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” бағдарламасының үшінші бағыты шеңберінде 2021 жылғы 15-16 қыркүйек күндері Павлодар облысының Баянауыл және Успенка аудандарынан​ арнайы өкілдер келіп, аудан тұрғындарына ерікті түрде қоныс аудару бойынша үгіт-насихат ​ түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алғашқы күні “Nur Otan” партиясының Келес аудандық филиалы және ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен орталықта «Ашық есік» жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
Жәрмеңкені партияның аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Ахмет Жұмабеков ашып, жәрмеңкеге аудан бойынша келген қатысушыларға солтүстік өңірден келген азаматтарды таныстырып, солтүстікке көшудің маңызын айтып, ​ бұл науқан қоғам үшін, еліміз үшін, жалпы жұмыс орны тапшы біздің өңір тұрғындарына маңызы үлкен екендігін жеткізіп, жәрмеңкені ашып берді.
Сонымен қатар, облысымызға танымал, жаны жомарт кәсіпкер солтүстікке көшу бағдарламасын кеңінен насихаттап жүрген азамат Ағабек Жаңабаевтың демеушілігімен 28 кыркүйек күні аудан тұрғындарының солтүстікке барып көзбен көріп келулері үшін Сарыағаш қаласынан арнайы автобус жүретінін жеткізді.
Солтүстіктен келген азаматтар ерікті көшуді насихаттау барысында көшуге ниет білдірген азаматтарға берілетін жеңілдіктер мен мүмкі​ ​ ​ ндіктерін егжей-тегжейлі түсіндірді.
Үгіт-насихат жұмыстары Біртілек, Алпамыс батыр, Ақтөбе, Ошақты және Қошқар ата ауылдық округінің тұрғындарымен кездесулері ауыл әкімдері, жеке кәсіпкерлер, аудандық мәслихат депутаттарының қатысумен жалғасты.
Кездесулер барысында ​ жеке қабылдаулар ұйымдастырылып, қабылдауға келген ауыл округтерінің жұмыссыз, аса мұқтаж азаматтарға Солтүстік өңірінде бос жұмыс орындары көп, міндетті түрде тұрақты жұмыспен қамтылып, әлеуметтік көмектер және өз ісімен айналысамын деушілерге мен жеке кәсіпкерлерге жер, шағын несие т,б барлық қолдаулар мен көмектер көрсетілетіні түсіндірілді.
Кездесулер нәтижесінде аудан бойынша 28 отбасы солтүстікке қоныс аударуға ниет білдірсе, 7 отбасы көшуге шешім қабылдады.
Қоныс аударушылар үшін!!!
Елімізде өз еркімен қоныстандыру жұмыстары 2016 жылдан бері «Еңбек нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында жүргізіліп келеді. Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір реттік 70 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) 204 190 теңге мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі.

Атап айтқанда:
1 адам – 204.190 теңге;
2 адам – 408.380 теңге;
3 адам – 612.570 теңге;
4 адам – 816.760 теңге;
5 адам – 1.020.950 теңге;
6 адам – 1.225.140 теңге;
7 адам – 1.429.330 теңге;
8 адам – 1.633.520 теңге;
9 адам – 1.837.710 теңге;
10 адам – 2.041.900 теңге.

Бұдан бөлек қоныс аударушыларға мынадай мүмкіндіктер беріледі:
– Қызметтік тұрғын үй немесе еңбекші жастар үшін тиісті бағдарлама шеңберінде салынған (сатып алынған) жатақханалардан бөлмелер беру;
– Қажет болған кезде техникалық және кәсіптік білім алу үшін оқытуға және қысқа мерзімді кәсіптік курстарға жіберу;
– Жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу.
Сонымен қатар, бағдарламаға қатысушының (қоныс аударғандар) отбасына, оның ішінде жалғызбастыларына 12 ай бойы АЙ САЙЫН тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығындарды өтеуге мынадай мөлшерде материалдық көмек беріледі:
1) Қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адам 20 АЕК (58 340 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 25 АЕК (72 925 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 30 АЕК (87 510 теңге) мөлшерінде төленеді.
2) Ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
-​ бір адам үшін – 15 АЕК (43.755 теңге);
– отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса – 18 АЕК (52.506 теңге);
– отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде – 21 АЕК (61.257 теңге) мөлшерінде төленеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button