Ақтөбедегі алқалы жиын
Бүгін Ақтөбе ауылдық округіне Павлодар облысы Баянауыл және Успенка ауылдарынан келген делегация өкілдері округ тұрғындарына ерікті түрде Солтүстікке қоныс аудару бойынша жиын өткізіп, “Еңбек” нәтижелі жұмыспен қамтуды және кәсіпкерлікті дамытудың 2017—2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
“Nur Otan”партиясы Келес ауданы бойынша”Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” Сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасының 23 пунктінде 2021 жылға жоғарыдағы бағдарламалар бойынша 120 азамат қамтылуы тиіс екендігі жоспарланған.
Жол картасының орындалуы мақсатында Қызыләскер мәдениет үйінде өткізілген кездесуге делегация мүшелерімен қатар Келес аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Е.Бектаев, Ақтөбе ауылдық округі аппараты қызметкерлері және фракция мүшесі, аудандық мәслихат депутаты мен— Қыдырова Зағира Жүсіпқызы, сондай—ақ мекеме мамандары мен округ тұрғындары қатыстық.
Делегация мүшелері кездесу барысында бағдарлама мақсатымен, қоныс аударуға ниет білдірушілер үшін берілетін көмек түрлерімен, сондай—ақ бос жұмыс орындары жайлы егжей—тегжейлі түсіндірді.
Жиыннан соң мен кездесудің басты тақырыбын өз ұжымымда тарқаттым.
Әрине, бұл ел жиі қоныстанған өңіріміз бен жұмыссыз жүрген жастар үшін зор мүмкіндік.
Қазақстанның қай бұрышы болсын ол біздің өз отанымыз.