Осы басымдықтар «Ауыл» партиясынанҚұрылтай депутаттығына кандидаттар Жигули Дайрабаев пен Нұртас Байжановтың Атырау облысына жасаған жұмыс сапарының негізгіөзегіне айналды. Өндіріс орындары, табиғат қорғаумекемелері және шаруа қожалықтарының еңбекұжымдарымен өткен кездесулерде партияның«Қуатты өңірлер – қуатты орталық» қағидатынанегізделген «Гүлденсе ауыл, гүлденеді еліміз!» сайлауалды бағдарламасы жан-жақтытаныстырылып, өңірдің даму перспективаларыталқыланды.
Атырау облысында азық-түлік қауіпсіздігітуралы сөз қозғағанда, өңірдің балықшаруашылығы әлеуетіне назар аудару маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңаталап ауылдықокругіндегі «Атырау бекіре балық өсіру зауыты» ЖШС-мен танысу жұмыс сапарының маңыздыбағыттарының біріне айналды. Сондықтанкәсіпорын ұжымымен кездесуде тек бүгінгіөндірістік мәселелер ғана емес, тұтас агроөнеркәсіпкешенінің болашағы да сөз болды.

Кандидаттар «Ауыл» партиясының азық-түлікқауіпсіздігін нығайтуға, отандық өндірушілердіңмүддесін қорғауға, өнім өндіру мен өңдеудідамытуға, тауар өндірушілер кооперациясынкеңейтуге және агрологиялық инфрақұрылымдықалыптастыруға бағытталған бастамаларынтаныстырды. Партия бағдарламасындакөрсетілгендей, Қазақстан өзін толық азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, экспорттықәлеуеті жоғары аграрлық державаға айналуы тиіс. Бұл үшін мемлекеттік қолдау ең алдымен нақтыөнім өндіретін кәсіпорындарға бағытталуы қажет.
Кездесу барысында өндірістік кооперацияныдамыту, экспорт көлемін арттыру, ауылкәсіпкерлеріне тұрақты әрі түсінікті экономикалықжағдай қалыптастыру, жаңа жұмыс орындарынқұру мәселелері талқыланды. Кәсіпорынқызметкерлері де саланы дамытуға қатыстыұсыныстарын білдіріп, мемлекеттік қолдаутетіктеріне қатысты пікір алмасты.
Балық шаруашылығы тақырыбы жұмыс сапарыбарысында Махамбет ауданындағы «А-Дана» кәсіпорнында да жалғасын тапты. Қатысушыларөндірістік қуатты арттыру, ішкі нарықты сапалыотандық өніммен қамтамасыз ету және қайта өңдеусаласын дамыту жөнінде пікір алмасты. Кандидаттардың айтуынша, ауылдағы әрбіртабысты өндіріс орны – бұл тек кәсіпкерліктіңемес, өңірдің әлеуметтік тұрақтылығының, жаңажұмыс орындарының және халықтың әл-ауқатының кепілі.
Алайда азық-түлік қауіпсіздігі өндіріскөлемімен ғана өлшенбейді. Ол табиғиресурстарды сақтаумен және қоршаған ортағажауапкершілікпен қараумен де тікелей байланысты. Сондықтан жұмыс сапары барысында кандидаттарҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіОрман шаруашылығы және жануарлар дүниесікомитетінің «Ақжайық» мемлекеттік табиғирезерватында болып, оның қызметімен танысты.
Резерват мамандарымен кездесуде табиғиэкожүйені сақтау, биоалуантүрлілікті қорғау, орманжәне қамыс алқаптарындағы өрттің алдын алу, цифрлық бақылау жүйелерін енгізу мәселелерікөтерілді. Бұл бағыттар «Ауыл» партиясыныңсайлауалды бағдарламасындағы экология бөлімінденақты көрініс тапқан. Партия табиғи ресурстардытиімді пайдалану, жердің құнарлылығын сақтаужәне экологиялық қауіпсіздікті күшейтуді елдіңұзақ мерзімді дамуының маңызды шарты депсанайды.
Жұмыс сапарының келесі бағыты ауылшаруашылығында жаңа технологияларды енгізудіңтиімділігін көрсеткен шаруашылықтар болды. Исатай ауданындағы «Ерасыл» шаруа қожалығындакандидаттар тамшылатып суару технологиясыныңқолданылуымен, мал азығын дайындаужұмыстарымен және өндірістегі заманауитәсілдермен танысты.
Бүгінде климаттың өзгеруі мен су тапшылығыжағдайында мұндай технологиялардың маңызыартып келеді. Сондықтан «Ауыл» партиясыбағдарламасында су үнемдеу технологияларынкеңінен енгізу, агроөнеркәсіп кешенінцифрландыру және фермерлерге қолжетімді қаржықұралдарын қалыптастыруға ерекше назар аударылған. Мұндай бастамалар еңбек өнімділігінарттырып қана қоймай, ауыл шаруашылығыныңбәсекеге қабілеттілігін күшейтуге мүмкіндік береді.
Осы бағыттағы әңгіме «Дибдиева.З» шаруақожалығында жалғасты. Кездесуде мал шаруашылығын дамыту, ауыл кәсіпкерлерін қолдаужәне өндіріс тиімділігін арттыру мәселелеріталқыланды. Кандидаттар ауыл еңбеккерлерініңкүнделікті еңбегі ел экономикасының негізі екенінатап өтті.
«Ауыл» партиясының ұстанымы бойынша, ауылдың дамуы ең алдымен еңбек адамынажасалған жағдаймен өлшенеді. Сондықтан партия ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау, Агробанк құру, өнім өндіру мен өткізудің бірыңғайжүйесін қалыптастыру, агрологиялықинфрақұрылымды дамыту және ауыл тұрғындарыүшін қолжетімді қаржы құралдарын енгізудістратегиялық міндеттердің бірі ретіндеқарастырады.
Атырау облысындағы жұмыс сапары тағы бірмаңызды шындықты көрсетті: өңірдің әлеуетімұнаймен ғана өлшенбейді. Оның болашағы – ауылшаруашылығы, балық өндірісі, өңдеуші өнеркәсіп, табиғатты қорғау және ең бастысы, өз жеріндееңбек етіп жүрген адамдардың әлеуетімен тығызбайланысты. Сондықтан «Ауыл» партиясы үшінөңірлерді дамыту – жекелеген жобаларды жүзегеасыру емес, ауыл кәсіпкерін, өндіріс орындарынжәне еңбек адамын қолдауға негізделген жүйелімемлекеттік саясат.

«Қуатты өңірлер – қуатты орталық» қағидатынбасшылыққа алған партия дәл осы мақсатқа қызметететін нақты бастамаларды ұсынады. Өйткені ауылдамыса – өндіріс дамиды, өндіріс дамыса – өңіркүшейеді, ал қуатты өңірлер ғана Қазақстанныңорнықты дамуы мен әрбір азаматтың әл-ауқатыныңберік негізіне айналады.
Төленді: «Ауыл» партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің сайлау қорының қаражаты есебінен.