Жарияланымдар

Қазақ хандарының пантеоны

Ғылыми анықтамаларда пантеон атауына көне гректердің «рап»-барлық және «Іһоез»-кұдайлар деген сөздерінен құралған.

Ғылыми анықтамаларда пантеон атауына көне гректердің «рап»-барлық және «Іһоез»-кұдайлар деген сөздерінен құралған «рапІһеіоп»-яғни, барлық құдайларға арналған храм-«ғибадатхана» құрылысы деген анықтамалар берілген. Екінші магынасы-атақты адамдар жерленетін қабірхана (усыпальница) делінген [1. 164 б]. Мұндай ісұрылыс 1791 ж. Парижде қасиетті Женевьева шіркеуі маңына салынып онда ұлы француз революционер-ақыны Марат, философ-жазушылары Вольтер, Руссо, Гюго, Золя, Жорес және т.б. жерленген. Ал, біздің заманымыздың II гасырында Римде тұрғызылған «барлық құдайлар храмы»-пантеон-өзінің құрылымы жағынан біздің «Әзірет Сұлтан» кесенесіне ұқсас жақтары бар ескерткіш, өзгешілігі оның пештақ-порталының алдында төбесі екі жаппалы, үш бұрышты-фронтонмен жабылған, екі қатар колонналардан тұратын портик-галерея орналасқан. Оның артындағы есік орнатылған портал-пештақ болса, одан әрі диаметрі 43 м болатын «ротонда» деп аталатын, планында дөңгелек-шеңбер формасындағы алып залға жалғасады. Залдың төбесі жартылай сфера кұрайтын күмбезбен жабылған. Көріп отырғанымыздай біздің кесенеде де портал-пештақ және оған жалғас ротонда рөлін атқарып тұрған «Қазандық» залы мен «Қабірхана» орналасқан. Бұл екеуі де күмбезбен жабылған. Ал, кесене ішіне қазақтың ең атақты тарихи тұлғалары жерленген. Кесененің айналасы да пантеон қызметін атқарып тұр, мұндағы қазақ хандары мен батырлары жерленген жеті құрылыстың алтауын қайта қалпына келтіруге болады. Кесененің іші мен сыртына қазақтың 22 ханы, 8 сұлтаны, 14 биі мен 46 батыры жерленген және бұл әзірге анықталғаны ғана [2, 256-268 66]. Олардан басқа халқына еңбегі сіңген талай игі мен жақсы және дін басылары осы жерден мәңгілік мекен тапқан, яғни, кесене мен оны қоршаған жерді қазақ халқының ұлттық пантеоны деп жарияласақ қателеспейміз.

Кесене айналасында Қазақ хандығы тұсында кесене, мүрдехана (склеп), төртқұлақ мазар (сағана) сияқты мэйіт жерлеуге арналып салынған жеті құрылыс болғаны белгілі, олардың екеуі 1974 ж. дренаж жүйесін жүргізу кезінде қирап кеткен. Бұл құрылыстардың дэл орындарын көрсететін Түркістан каласы цитаделінің топопланы 1974 ж. түсірілген (1-сурет), оған біз 1974 ж.қиратылган мүрдехана мен 1975 ж. кездейсоқ табылған кесененің батыс бетіндегі екі мүрдехананы қосып отырмыз (І-суретДІДТ.ҮП). Ендігі жерде осы құрылыстар тарихынан қысқаша шолу жасайық.

  1. Есім хан кесенесі, ХҮІ-ХҮІІ ғғ., (басты бетте көрнекілік үшін пайдаланылған сурет)

Кесенені 1958 ж. археолог Н.Б. Немцева ашып зерттеген [3.96-98]. Ол бүл кесенені ХУІ-ХУІІ ғғ. салынған деп есептеп анық кімдікі екенін айта алмайды. Кесенені Есім хандыкі деп тұңғыш рет 1960 ж. жазған археолог Г.И.Пацевич[4.128]. Бұ_л құрылыс Әзірет Сұлтан кесенесінің оңтүстік мүнарасынан ОШ багытта 12 м жерде орналасқан. Кесененің өлшемдері 8,6 х 8,1 м, биіктігі 3,6 м тең.

Н.Б. Немцева кесененің жер астындағы бөлігі-мүрдехана бөлмесінің солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс бұрыштарындагы еден астын қазып көріп «ешбір адам мәйіті байқалмайды» деп жазады. Жерленген адам сүйегі мүрдехана ортасында жатуы мүмкін, алайда, тап осындай басқа мүрдеханаларды ашып зерттегенде сүйектердің жерленбей еден үстіне жатқызылғаны белгілі. Сүйектердің табылмағанына қарағанда, XIX ғ. ортасында (1843-1849 жж.), қоқандықтар қираған кесене үстіне қорған дуал салмас бүрын сүйектерді алып басқа жерге жерлеген болуы да мүмкін дейміз. Себебі, ата-бабаларынан осы кесенеде шырақшы қызметін атқарып келген марқүм Р.Шахаповтың айтуына қарағанда оның аталары бұл кесенеде үш адам жерленгенін айтып кеткен. Қүрылысты 1973 ж. Т.Н.Сенигова қайта ашып зерттеген[5].

2. Белгісіз мүрдехана (1-сурет,ІІ), XVII ғ.

1974 ж. Әзірет Сүлтан кесенесінің айналасын ғасырлар бойы жиналған мэдени қабаттардан тазартып, жер деңгейін XV ғ. шамасына дейін түсіріп жэне жерасты суларын бір жерге жиып ағызып жіберу үшін кесенені айналдыра терең дренаж жүйесі қазылады. Кесенеден 15 м тыс жерден өткен бүл дренаж жүйесі бір-бірімен жерасты қүбырлары арқылы жалғасатын 12 терең қүдықтардан түрады, мүнда жиналған жерасты сулары кесененің оңтүстік-батыс бетінде 50 м жерде орналасқан басты қүдыққа жиналып әрі қарай су соратын мотормен арнайы арыққа айдалып отырған. Осы дренажды казу барысында кесененің шығыс мүнарасынан 15 м жерден жер астынан үлкен мүрдехана табылады. Қүрылыстың өлшемдері 6 х 4 м, биіктігі 4 м. Алайда, дренаж қүрылысын жүргізуші мамандар қаражат тапшылығын сылтау етіп мүрдехананы экскаватормен қиратып, ішіндегі мэйітті топырагымен қоса жүк көлігіне артып шығарып тастайды. Экскаваторшы С.Манасуевтің өз қолымен жазып берген түсінік хатында мүрдехана ішінен бойы 2 м жуық адам қанқасы шыққаны айтылады. Төменде осы тіл хаттың ксерокөшірмесін беріп отырмыз [6.48].

III. Сегіз бұрышты кесене (1-сурет,Ш)

Мұны да зерттеген ғалым Б.Н.Немцева[3.99-101]. Қу-рылыс Әзірет Сұлтан кесенесіне қарама-қарсы 40 м жерде орналасқан. Өлшемдері 8,5 х 10,2 м, қабырғаларының сақталған биіктігі 0,5-1,6 м шамасында. Ол бүл кесененің жер астында сағанасы жоқ екенін, мәйіттердің кесене едені астына жерленгенін жазады. Кесене ішінде ешбір жазуы жоқ үш қүлпытас түрған, олардың ортасындағысының астын қазғанда саз кесектен қаланған лаһат шыққан, ішінде мүсылманша жерленген мүрде жатқан. Антрополог В.Я. Зезенкова зерттеу жүргізіп мәйіттің «монғол нәсілінің оңтүстік сібір типіне (қазақ-қырғыз)» жататындығын анықтаған. Қалған сүйектер аршылмаған. Қүрылысты 1974 ж. Т.Н. Сенигова да зерттеген [5], ал, 1997 ж. Е.Смағүлов пен архитектор Н. Имажанов қайта зерттеп түмшалау жобасын дайындады. Қазба барысында 1958 ж. табылған үш қүлпытастың біреуі ғана сақталғаны анықталды, ал, екіншісінің кішгірім фрагменті ғана сақталған. Дегенмен, Әзірет Сүлтан кесенесінде көлемі де, өлшемдері де тап сол тастарға сәйкес келетін ешбір жазуы жоқ, қүмтастан жасалынган бір қүлпытас сақталуда. 1974 ж. кесене айналасын тегістеу жүмыстары кезінде кездейсоқ табылған қүлпытастардың барлығы Әзірет Сүлтан кесенесінің ішіне енгізілген, бұл тас та сол түста енгізілген болуы мүмкін [6.94].

Шығыс сағана (1-сурет,ІУ)

Бүл құрылыс та 1957 ж. кездейсоқ табылып архитектор Н. Усманходжаев ашып зерттеген [3,102]. 1974 ж. кесене айналасындағы құрылыстар түсірілген топопланда бүл кұрылыс «сағана» деп берілген, ал, архитектуралық сөздіктерде бұл сөзге «Сагана»-надгробная прямоугольная ограда» деген анықтама беріледі, яғни, бұл жер бетіне тіктөртбұрышты дуалмен қоршалған құрылыс түрінде салынған   кішігірім мазарат деген сөз.

Қазақша мұндай құрылысты «төрткұлақ» дейді. Әзірет Сұлтан кесенесінің солтүстік-шығыс бетінде 10 м жерде орналасқан бұл құрылыстың көлемі 8,1 х 7,8 м, топопланға қарай отырып оның күйген қыштан қаланғанын байқаймыз жэне қабырға қалыңдығы да 0,5 м асады. Осыған қарай отырып бұл құрылыс та сегіз бұрышты кесене сияқты қираған кесене емеспе екен деген ой туады. Мұнда қанша адамның жерленгенін, құрылыстың нақты өлшемдері мен ол жайлы басқа да деректерді тек Н. Усманходжаевтың бүгіндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Мұрағатында сақталып отырған жұмыс есебінен ғана біле аламыз. Бұл бағытта жұмыстар жүргізілуде. 2014 ж. Әзірет Сұлтан кесенесінің Археология бөлімінің мамандары аталған құрылыстың орынын дэл анықтап кең көлемді қазба жұмыстарын жүргізді, алайда, бұл құрылыс та №2 мүрдехана сияқты 1974 ж. кесене айналасын тегістеу жұмыстары мен терең дренаж (тереңцігі 6-дан-9 м-ге дейін, ені 5-1,5 м) қазу барысында қиратылғаны анықталды. Құрылыстан іргетасының фрагменттері ғана сақталған. (1-сурет, ІҮ-нысан)

Солтүстік бүрыштагы мүрдехана, XVI ғ. (1-сурет,У)

Бұл мүрдехана да 1957 ж. кездейсоқ табылып архитектор Н.Усманходжаев өлшемдерін түсірген. Құрылысты 1997 ж. аршып зерттеген археолог М.Тұяқбаев пен архитектор Н.Имажанов [8.52-55]. Мүрдехана Әзірет Сұлтан кесенесінің Үлкен Ақсарай бөлмесінің солтүстік бұрышынан солтүстік-шығысқа қарай 5 м жерде жер астында орналасқан. Оның өлшемдері 4,12 х 4,10 м, биіктігі 2,55 м. Аршып зерттегенде ішінен бір ересек адам мен бір өте жас баланың мәйіті еденге ашық қойылғаны байқалады. Ер адамның бас сүйегінде қарудан (сүңгі) қалган тесік бар. Сыртынан кішігірім реставрация жасалган соң мүрдехана қайта көмілді, сүйектер өз орынында сақталған. Қазақ халқының ең сыйлы игі жақсылары жерленген Үлкен Ақсарай бөлмесінің тұсына салынғанына және кесенеге осынша жақын орналасуына қарағанда бүл мүрдехана аса бір танымал да белгілі тұлғаның мәңгі мекен еткен орыны болуы мүмкін.

1975 ж. жер тегістеу кезінде кездейсоқ табылған, археологтар Л.Б.Ерзакович [9.59-72], Б.Нұрмұханбетовтермен бірге сәулетші Б. Ордабаев аршып зерттеген. Топырақ еденде ағаш жэшіктерге мүсылманша жерленген алты ересек адам мен бір баланың мүрдесі орналасқан. Қүрылыс Әзірет Сұлтан кесенесінен оңтүстік-батысқа қарай 45 м жерде орналасқан, оның өлшемдері 6,5 х 6,5 м, биіктігі 3,25 м тең. Реставрация жүмыстары кезінде сүйектер еден астына көмілген деген ауызша дерек бар. Бүл қүрылыс та Есім хан кесенесі сияқты мүрдехана үстінде қираған кесененің қабырға ізі сақталған бірден бір ескерткіш.

6-сурет VII. Жаңа мүрдехана, ХУ-ХУІ ғғ. (1-сурет,УІІ)

Бұл кұрылыс та 1975 ж. жер тегістеу барысында кездейсоқ ашылып, архитекторлар А.Н.Проскурин мен Б.Т. Түяқбаевалардың есебіне енгенімен, зерттелмей     қалган     [10.279].       2000     ж.     Түркістан     археологиялық экспедициясының маманы М.Тұяқбаев ашып зерттеген [11], бүл қүрылыс белгісіз мүрдеханадан оңтүстікке қарай 7-8 м, ал, Әзірет Сұлтан кесенесінен оңтүстік-батысқа қарай 52 м жерде орналасқан. Қүрылыстың өлшемдері 4,3 х 4,25 м, биіктігі 2,6 м тең. Кесекпен қаланып жабылған есігін ашқанда мүрдехана жартысына дейін адам мәйіттері қойылып топырақпен көмілгендігі анықталды. Бүл сірә, Әмір Темір Әзірет Сүлтан кесенесін салдырғанда қабырға астынан шыққан сүйектерді қайта жерлеу үшін түргызылған мүрдехана сияқты. Бүл аңыз жайлы Н.Б.Немцева да жазады. Мүрдехана есігі қайта жабылып, сырты реставрация жасалып қайта көмілді. Сүйектер сол күйі ішінде жатыр.

Ал, бұл кесенелер мен мүрдеханаларда кімдер жерленген деген мәселе жайлы тек болжам ғана айтуға болады. Тарихқа жүгінсек Ш.Уэлихановтың досы Г.Н.Потаниннің әкесі Н.И.Потанин 1829-1830 жылдары Омбыдан Қоқан хандығына елшілікпен барар сапарында Түркістанға соққаны жэне Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің алдыңғы бетінде орналасқан, әбден ескірген кесенелерді көргені, оларды сол маңдағы шырақшылар «Есім, Жәңгір, Тәуке хан мазарлары» деп түсіндіргені жайлы дерек бар [12]. Бірақ, шырақшылар оңнан солға ма, әлде солдан оңға қарай тізді ме белгісіз. Қазіргі Есім хан кесенесі деп жүрген қүрылысты зерттеген Н.Б.Немцева бүл жайлы «не Есім ханның, немесе Жәңгір ханның кесенесі болуы мүмкін» деп болжам ғана айтқан [4.128]. Жоғарыда айтқанымыздай бүл кесенені Есім хандыкі болуы керек деп 1960 ж. түжырым жасаған Г.И. Пацевич. Ауызша деректер мүнда үш адамның мәйіті болғанын хабарлайды (2-сурет). Ал, 1974 ж. экскаватормен қиратылған, рет саны И-ші Белгісіз мүрдехана жайлы С.Манасуев берген тілхатта оның ішінен бойы 2 метрге жуық, сүйектері ірі адамның қаңқасы шыққанын жазады (3-суретке қараңыз). Тарихтан Есім ханның бойы аса биік болған соң халық арасында «Еңсегей бойлы ер Есім» деп аталып кеткені белгілі. Сонымен бірге, Әзірет Сүлтан кесенесін 1928 ж. зерттеген М.Е. Массон бүл қүрылыс жайлы «Для могилы одного из них-героя народного эпоса Ишим хана (конец XVI в. -начало XVII в.), успешно водившего казаков против узбеков и калмыков, был выстроен подле могилы Ходжа Ахмеда особый, небольшой, ныне совершенно разрушившийся мавзолей» — деп жазады [13.8]. Яғни, нөмірі ІІ-ші қираған кесенені 1928 ж. М.Е.Массон өз көзімен көрген, ал, нөмірі I (қазіргі Есім хандыкі деп жүрген) кесене қирандысын оның көруі мүмкін емес еді, себебі, ол кесене қалдыгын Қоқандықтар 1843-1849 жж. цитадельді толық қоршайтын қорған-қамалды салған кезде тегістеп, үстіне қамалдың осы түстағы қақпасының жақтау қабырғалары және т.б. қүрылыстар түсіп кеткен [4.129]. Бүл күрылыстар мен қорған қабырғасы М.Е. Массон болған 1928 ж. жартылай болса да аман болатын, яғни, кесене қалдығы оның астында көміліп жатқан. Бүған қоса, нөмірі П-ші мүрдехананың ұзындығы-6 м, ені 4 м болуы оның үстінде, жер бетінде кесенесі де болғандығын білдіреді. Мүның 4×4 бөлігі кесене де, алдыңғы 2 метрі пештақ (парадный портал с входной арочной нишей) деп аталатын қас беті болуы керек [5.340].

М. Е. Массон «совершенно разрушившийся мавзолей» деп осы қүрылыс қирандысын айтып отырғаны анық, яғни, ақиқат Есім хан кесенесі деп осы қүрылысты айтқанымыз дүрыс. Ал, нөмірі І-ші кесене мүрдеханасында -Р.Шахаповтың дерегіне сенсек-үш адамның мэйіті болған. Онда жерленгендер Есімнің үлдары-1646 ж. қайтыс болған Жэнібек, 1652 ж. қаза тапқан Жэңгір жэне Сардақ сүлтан немесе оның үрпағы атақты Қайып хан (1715- 18жж. қайтыс болған) болуы мүмкін. Кесене Жәңгір қаза тапқан соң салынғандықтан соның атымен аталып кетуі мүмкін. Тағы бір еске түтар нәрсе, бүл екі кесененің де жер асты мүрдеханасы бар, яғни, сегіз бүрышты (нөмірі-Ш-ші) кесенеден бүрын салынған.

Ал, нөмірі Ш-ші Сегіз бүрышты кесенені зерттеген Н.Б. Немцева оны XVI ғ. соңы немесе XVII ғ. деп жорамалдайды. Ол мүны кесене едені астынан табылған ыдыстар сынығына қарап айтып отыр, шындығында мүндай қүрылыстар бірден жер бетіне салынбайды, арнайы шүқыр қазылып, қабырға астына лай төселіп, тапталып барып қана қаланады. Еденнің күрылысты айнала қоршаған жер топырағынан көп төмен екендігін антрополог В.Я.Зезенкова зерттеген 2-ші сүйектің еденге жақын, саяз ғана шүқырда жатқанынан да байқаймыз [3.99]. Мүсылманша жерлеу ғүрпында мэйіт орналасатын лахат немесе шүқыр жер бетінен 1,3-1,5 м тереңдік орналасады, мына көріністен қабір үстіндегі жер бетінің 1 метрге дейін төмен түсірілгенін, яғни, қүрылыс үшін шүқыр қазылганын байқаймыз. Кесененің сыртындағы жер деңгейі трактормен сүрілген кезде іргесіне дейін, яғни, XVI ғ. деңгейіне дейін сүріліп тасталған. Осылайша үстіңгі ХҮП-ХУШ ғғ. мәдени қабаттары жойылған. Бүған қоса, Н.Б. Немцева сегіз бұрышты кесенеге прототип (үлгі) ретінде XV ғ. салынған Рабия Сұлтан Бегім кесенесі пайдаланылған дейді [3.100], олай болған жағдайда Рабия кесенесінің жер астындағы мүрдеханасы мүнда да салынуы тиіс еді. Біздің жобамызша, бұл кесене XVIII ғ. Тәуке ханға арналып салынған. Бұл жоңғар шапқыншылығы қаупі күшейіп тұрған кез болатын. Тап осы қиын-қыстау заманда, шаруашылық кері кетіп, сұлтандар, хандар, билер арасында бірауыздылық, бірлік болмай тұрған кезде 1715 ж. қайтыс болған Тэукеге арнап жер астында мүрдеханасы бар, жер бетіндегі кесенесінің өзінің биіктігі 10 метрден кем емес (кесенелердің биіктігі ұзындығына тең болған) алып құрылыс салу аса қиын еді. Ішіне қойылган құлпытастардың да мрамордан емес жэй ғана қүмтастан (песчаник[3.99]) жасалуы да, құрылымының дәл қасындағы Рабияның көшірмесі ғана болуы да тас қашаушы ұсталардың, тасқа марсия жыр жазатын бәдізшілердің, кесене қалап, күмбез өретін хас шебер мен сәулетшілердің де жоқ болғандығын көрсетеді. Біз бұл кесененің биіктігі 6,9-7 м ғана болып бір қабат күмбезбен ғана жабылғанына сенімдіміз. Себебі, Рабия сияқты қос күмбезбен жабылып, пештағы да сонымен бірдей (10 м) болғанда ешбір іргетассыз каланған бұл құрылыс бітпей жатып өз салмағынан-ақ бірден шөгіп, қирап қалатын еді. Тәуке қайтыс болған соң-ақ оның қабірінің үстіне салына бастаған бұл кесенеде онымен бірге 1724 ж. қайтыс болған үлы Болат хан мен 1738 ж. қайтқан кіші ұлы Сәмеке хан да жерленген деп топшылаймыз.

Бұлардан басқа нөмірі У-ші солтүстік бүрыштағы мүрдехана мен оған жақын орналасқан нөмірі ІУ-і Сағана (кесене?) да қазақ хандығымен тығыз байланысты кұрылыстар екендігі даусыз.

Мұның солтүстік бүрыштағы мүрдеханасы Ондан сүлтанның үлы Қайнар-Күшектікі болуы мүмкін, қалай болғанда да, бұл құрылыстың салыну кезеңі де, ел аузындағы аңыз-деректер де сэйкес келеді [3.103].

Ал, нөмірі ІУ-ші Шығыс сағанасында канша адамның жерленгені белгісіз, дегенмен, оның аса үлкен көлеміне қарап (8,1×7,8 м) жанүялық мазар болған деп есептейміз. Бұл да, киын-қыстау заманда-ХУШ ғ. екінші жартысында қазақ хандары мен сүлтандарына арнап салынған ең соңғы қүрылыс болған сияқты. Мүны тек Әбілмәмбет хан (1771 ж. қайтыс болған) мен оның үлдары Әбілфейіз хан (1783 ж. қ.б.) және Тәуке хан (1797 ж.қ.б.) есімдерімен байланыстыру шындыққа барынша жақын іспетті. Нөмірлері УІ-шы және УІІ-ші қүрылыстардың Қазақ хандығы тұсында салынғаны анық болғанымен, эзірге сыр ашпаған жұмбақ ескерткіштер демекпіз.

 

М.ТҰЯҚБАЕВ, т.ғ.к.,

«Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық мұражайының археология жэне ескерткіштерді қорғау бөлімінің меңгерушісі

Пайдаланылған әдебиеттер: 

  1. Энциклопедический словарь в двух томах-М, 1964.Т.2.-С. 164, Словарь иностранных слов. М., 1988.-С.358.
  2. Тұкбаев М. Әзірет Сүлтан кесенесіне жерленген тарихи жэне діни рухани тұлғалар мен игі жақсылар.//Қазак бірлігінің бастауы Ордабасы. Шымкент, 2013. 256-268 бб.
  3. Немцева Н.Б. Археологические раскопки у комплекса Ходжа Ахмеда Ясеви (1958).// Известия АН Каз ССР. Серия ист., археол. и этнографии. Вып. 1(15) (отдельный оттиск). Алма-Ата, 1961.-С.92-104.
  4. Смагулов Е., Григорьев Ф., Итенов А. Очерки по истории и археологии средневекового Туркестана. А., 1999.-С.128-129.
  5. Сенигова Т.Н. Отчет об археологических раскопках в охранной зоне комплекса Ахмеда Ясави (1973-1974). А-Ата, 1974. Рукопись. Архив института Казреставрация, инв. №57; Проскурин А.Н. Мавзолей Есим хана, XVII в.// Свод памятников истории и культуры Казахстана. Южно-Казахстанская область.А., 1994.№590.7-С.278-279.
  6. Тұяқбаев М. Түркістанда жерленген тарихи тұлғалар. А., 2000.-94 б.

 

  1. Тұяқбаев М., Өсеров Т., Мүсабаев Қ., Таджибаев Н., Кэрім А. Археология және тарихи-мәдени ескерткіштерді қоргау бөлімінің 2014 ж. атқарған жұмыстарының Есебі. 2-18 бб. Қолжазба. Археология бөлімінің архиві. №2014.2.
  2. Тұяқбаев М. Тагы бір жер асты құрылысы жайлы // Түркістан сырлары. А., 2000. 52-55 бб.
  3. Ерзакович Л.Б., Нурмуханбетов Б., Ордабаев А. Подземное погребальное сооружение в Туркестане. // Археологические исследования в Отраре. А-Ата, 1997.-С.59-72.
  4. Ю.Проскурин А.Н., Туякбаев Б.Т. Мазар безымянный.// Свод памятников
  5. …-С.279. №590.8. И.Тұяқбаев М.Қ.   ХУІ-ХУП   ғасырлардағы   жер   асты   мүрдеханасы.//
  6. «Түркология» журналы.Түркістан, 2011. №5 (55), 103-113 бб. 12.Жандарбеков 3. Кесенеде кімдер жерленген? «Қазақ әдебиеті» газеті,
  7. 1992 ж. №5. Записки о Кокандском ханстве хорунжего Н.И.Потанина.
  8. «Военный журнал», Спб., 1831, №4.-С. 102-139; №5-С.43-70. 13. Массон М.Е. Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясеви. Ташкент, 1930.24 стр.

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

bahsegel

Back to top button
Close