Жаңа Конституция: Өндіріс өкілдері өз пікірін білдірді

«Шұбаркөл көмір» АҚ кеншілері, «Восточный» разрезінің ұжымы және «Еуразиялық энергетикалық корпорациясы» АҚ-ның Ақсу электр станциясындағы жас мамандар алдағы республикалық референдумға қатысты азаматтық көзқарастарын ортаға салды,- деп хабарлайды saraptime.kz
2026 жылғы 15 наурызда Қазақстан Республикасында республикалық референдум өткізу жоспарланған. Бұл – елдің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі. Алдағы дауыс беру құқықтық жүйені одан әрі жетілдіру және мемлекеттік басқару институттарын дамыту мәселелерімен байланысты.
Көмір өндіру және энергетика саласындағы еңбек ұжымдарында аталған бастамалар кеңінен талқылануда. Қызметкерлердің пікірінше, Конституция – мемлекеттіліктің берік тірегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, ел тұрақтылығы мен дамуының негізі.
Сала өкілдері құқықтық негіздерді нығайту өнеркәсіптің өркендеуіне, өндірісті жаңғыртуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал ететінін атап өтті. Олардың айтуынша, тұрақты әрі тиімді құқықтық орта стратегиялық маңызы бар салалардың дамуына жол ашады.
Энергетика саласының жас мамандары ел болашағына жауапкершілікпен қараудың, тәуелсіздікті сақтаудың және ұлттық бірлікті нығайтудың маңызын ерекше атап өтті.
Ұжым өкілдері Қазақстанның әрі қарайғы дамуы заңдылық, тұрақтылық және қоғамдық келісім қағидаттарына негізделетініне сенім білдірді.



