Конституциялық өзгеріс: ел қазынасынан қанша қаржы бөлінеді?

Орталық референдум комиссиясының (ОСК) мүшесі Михаил Бортник дүйсенбі, 23 ақпанда өткен брифингте 15 наурызда өтетін республикалық референдумды өткізуге Үкімет резервінен бөлінген қаражат көлемін атады, – деп хабарлайды saraptime.kz
«Бастапқыда сома 20,8 млрд теңге болған. Қаржы министрлігімен пысықтаудан кейін біз 20 млрд 778 млн 515 мың теңге көлеміне шықтық. Бұл қаражат ОСК мен Сыртқы істер министрлігі арасында бөлінетінін атап өткім келеді. Белгіленген функциялар үшін СІМ 123 млн 634 мың теңге алады. Қаражат Орталық референдум комиссиясы арқылы аумақтық комиссиялардың шоттарына, сондай-ақ СІМ-ге аударылып қойды», – деді Михаил Бортник.
Оның айтуынша, шығындардың қысқаруы бірқатар баптар бойынша жүзеге асқан. Атап айтқанда, ақпараттық жұмыстарға, іссапар және көлік шығындарына қатысты бөліктер қысқартылған. Негізінен қысқарту өңірлер ұсынған сметаларға қатысты болған.
Михаил Бортник ОСК шотына түскен қаражаттың 75%-ы аумақтық комиссия мүшелерінің еңбекақысын төлеуге жұмсалатынын атап өтті.
2024 жылғы 6 қазанда өткен атом электр станциясын салу жөніндегі алдыңғы республикалық референдумға Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше 15,5 млрд теңге бөлінген.



