Былтыр Қазақстандық банктердің таза пайдасы 2,7 трлн теңге болды

2025 жылы банктердің меншікті капиталы 19,2%-ға өсіп, 10,6 трлн теңгеге жетті. Бұл өсім негізінен өткен жылдардағы бөлінбеген таза пайда есебінен қамтамасыз етілді. 2025 жылдың желтоқсан айындағы өсім 1,7% болды,- деп хабарлайды saraptime.kz
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k1) 19,6%, ал меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (k2) 20,8% болды. Бұл көрсеткіштер заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір жоғары және банк секторындағы ықтимал тәуекелдерді жабуды қамтамасыз етеді.
2025 жылдың қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы 2,7 трлн теңгені құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 6,7%-ға артты. Банктер активтерінің рентабельділігі (ROA) 2026 жылғы 1 қаңтарда 4,2% болды (2025 жылғы 1 қаңтарда – 4,3%), ал капиталдың рентабельділігі (ROE) 28,4%-ды құрады (2025 жылғы 1 қаңтарда – 30,3%).
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстанның банк секторында 23 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді. Олардың 15-і шетелдік қатысумен, оның ішінде 10-ы еншілес банк болып табылады.



