Орталық Азия

Орталық Азияда қанша әйел бар?

Орталық Азия елдерінде бүгінде 40 миллионнан астам әйел өмір сүреді. Аймақтың жалпы халқы шамамен 82 миллион адамды құрайды. Демографиялық деректерге сәйкес, халықтың жартысынан көбі немесе шамамен 50 пайызы – әйелдер,— деп хабарлайды saraptime.kz

Сарапшылардың шамамен есебі бойынша, аймақтағы әйелдердің саны елдер бойынша былай бөлінеді:

  • Қазақстан – шамамен 10,4 миллион әйел
  • Өзбекстан – 18 миллионға жуық әйел
  • Тәжікстан – 5 миллионға жуық әйел
  • Қырғызстан – 3,5 миллионнан астам әйел
  • Түрікменстан – шамамен 3,7 миллион әйел

Осылайша, Орталық Азиядағы әйелдердің жалпы саны 40–42 миллион адам шамасында.

Соңғы жылдары аймақта әйелдердің қоғамдағы рөлі артып келеді. Олар саясат, бизнес, ғылым, білім және мәдениет салаларында белсенді қызмет атқарып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып келеді.

Back to top button